Жаңалықтар

Темірдегі жиын

Ардагерлер кеңесі

Аудандық ардагерлер кеңесінің пленумында аға буын өкілдерінің әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы рөлі және жастар тәрбиесіндегі орны ортақ әңгіме өзегіне айналды.
Шараға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрания Аймағанбетов, Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин, облыстық мәслихат депутаты Боран Ізбасов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Серік Ботағарин қатысты.
Аудан әкімі Алмас Жақсылықов ардагерлердің қоғам өміріндегі белсенділігін ерекше атап өтіп, олардың жастарға үлгі екенін жеткізді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бабатай Салиманов атқарылған істер мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Жиын барысында бірқатар ардагерлерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Пленум отырысында қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар, зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау шаралары, қала және ауылдық округтерде құрылған әжелер алқасының жұмысы, сондай-ақ «Дәнекер» жобасының іске асырылу барысы мен зейнеткерлер тізімін нақтылау мәселелері қозғалды.
Пленумға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

Н.ӘДІЛЕТОВ,
Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button