Жаңалықтар

Ойылда жазғы спартакиада өтті

Спартакиада

Қайыңды ауылдық округінде жазғы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спорт күніне орай ұйымдастырылған мереке ауыл тұрғындары мен спортсүйер қауым үшін ерекше қуаныш сыйлады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен жаттықтырушыларға аудан және облыс деңгейіндегі марапаттар табыс етілді.
Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, қол күрес, аударыспақ, қазақша күрес, үстел теннисі, гір тасын көтеру, садақ ату, бес асық, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлері енгізілді. Бұл сайыстарда ауылдық округтерден жасақталған командалар өзара бақ сынап, күш пен ептілікті, шеберлік пен табандылықты танытты.
Жарысқа Берсиев, Көптоғай, Қайыңды, Ойыл, Сарыбие, Саралжын және Қараой ауылдық округтерінің командалары қатысып, ауыл спортшыларының бабы мен бағын көрсетті. Жарыс нәтижесінде командалық есепте Көптоғай командасы — бірінші, Қайыңды командасы екінші және Ойыл командасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы спартакиада — салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды спортқа баулуға, ауыл спортының дамуына серпін беретін маңызды іс-шара.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button