Жаңалықтар

1374 балаға көмек көрсетілді

Жекелеген санаттағы балаларды мектептетегін тамақпен қамту үшін биыл 1,7 миллиард теңге бөлініп отыр.

Аталған қаржы жалпыға білім беру қорынан бөлінген.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтылды. Алдағы оқу жылында балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелеріне арналған жиынға

облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева қатысты.

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар және жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен аз, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке зәру отбасылардың балалары және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мектепте тегін ыстық тамақ іше алады. Оларға  басқа да жәрдем түрлері ұйымдастырылады. Бұл үшін балалардың ата-аналары не қамқоршылары білім беру ұйымының басшысына өтініш жазып, тиісті құжаттарды тапсырады.

2025 жылы облыста 16 624 балағамектепке қажетті құрал-жабдықтар алуға көмек көрсету көзделген. Бұл мақсатта 768 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бүгінге дейін 3,1 мыңнан астам балаға тиесілі қаражат аударылды.Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, тамыз айының аяғына дейін басқа балаларға да әрқайсысына 46 228 теңге көлемінде ақша жіберіледі.

Сонымен қатар 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүзеге асырылады.

Киімі не оқу құралдары түгенделмеуі себепті жаңа оқу жылында мектепке келе алмай қалатын бала болмауы керек. Бұл акцияның түпкі мақсаты осы, — деді Дина Жаманбаева.

Акция аясында бүгінге дейін 1374 балаға материалдық көмек көрсетілген. Оның жалпы көлемі — 22 миллион теңге.

Көмек беру немесе керісінше көмек алу жөніндегі мәселелер бойынша тұрғындар білім бөлімдерінің әлеуметтік желілерде көрсетілгенсенім телефонынахабарласа алады. Облыстық білім басқармасының сенім телефоны: 56-85-24, call centerнөмірі — 8 702 031 25 22.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button