Жаңалықтар

Жолдың жайы тексерілді

Жол

Шалқар ауданының әкімі  Жанболат Жидеханов пен аудандық мәслихат төрағасы Жарылқасын Шамбалаев жұмыс сапарымен Шетырғыз ауылдық округіне барды.

Іссапар барысында аудан әкімі мен депутат Шалқар-Қаратоғай бағытындағы автомобиль жолының жай-күйін қарады. Жолды күтіп ұстауға жауапты мердігер «Ж.Боранбаев» жеке кәсіпкерлігінің  өкілдерімен кездесті.  Жолдың техникалық жағдайы, оның ішінде көпірдің ахуалы және алдағы кезеңдегі жөндеу мен күтім барысы талқыланды. Жол күтімі үшін аталған жеке кәсіпкерлікке жергілікті бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған су желісінің  жұмысымен танысып, ұңғымалардың жағдайы тексерілді.

Аудан әкімі ауыл инфрақұрылымының жай-күйін бағалау, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу басты назарда екендігін айтты.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button