Жаңалықтар

Ақтөбеде қаланың негізгі жобалары талқыланды

Ақтөбенің даму перспективаларықалалық ортаны жаңғырту мен жақсартуға кешенді көзқарас – бұл мәселелер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Басқосуда инфрақұрылымды дамытуқоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жоспарлары талқыланды. Экологиякөлік қолжетімділігі және бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне баса назар аударылды.

Алдымен облыстық экономика және бюджет жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов Ақтөбенің әлеуметтікэкономикалық дамуы туралы баяндама жасадыБиылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс орталығы барлық негізгі салаларда тұрақты өсім және оң динамика көрсетудеӨнеркәсіп өндірісінің көлемі – 100,7%, ауыл шаруашылығы – 7,9%-ға өстіинвестициялар шамамен бір жарым есеге (47,5%) арттыҚұрылыс жұмыстарының көлемі 89,2%-ға көбейсетұрғын үйді пайдалануға беру былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ғажоғарыСауда саласында да өсім баркөтерме сауда – 2,3%, бөлшек сауда – 0,3%-ға өсті.

Ақтөбенің аймақтық тауар айналымындағы үлесі – шамамен 90%, ал өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі – 40%-ға жуықҚалада көлік инфрақұрылымын жаңғыртуинженерлік желілерді салу және жаңартуқоғамдық кеңістіктерді абаттандыружобалары белсенді  іске асырылып келедіАқтөбе – инвестиция тартатынтұрғындарғажаңа мүмкіндіктер жасайтын жайлы әрі қауіпсіз орталық ретінде дамуын жалғастыруда.

Қала әкімі Азамат Бекет өз сөзінде қаланы дамыту және ірі жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Әкімнің айтуыншабасым мәселелердің бірі – коммуналдық тұрғын үй құрылысыЕсет батыр ықшам ауданында 2 011 пәтерден тұратын 12 үй салынудаоған қалалық бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлінгенЖыл соңына дейін 10 тоғыз қабатты үй мен Жанақоныста 140 пәтерлік бір жатақхана пайдалануға беріледі.

Облыстық бюджеттен тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге 480,7 млн теңге көлемінде несие бөлінгенЖедел сатыларды жаңартуға ерекше көңіл бөлінудекөпқабатты үйлердегі 973 лифтінің 15%-ы пайдалану мерзімі өткенбиыл шамамен 420 млн теңгеге 30 лифт ауыстыру жоспарланған.

«Инженерлік коммуникацияларсаласында сугаз және электр желілерін тарту мен кеңейтуге 15 млрд теңге қарастырылғанҚаланың 54 тұрғын массивінің 36-сы орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілгенбиылбірнеше массивте су құбырын салу аяқталады және жаңа аумақтарда жобалар басталадыГаздандыру бойынша да жұмыс жүріп жатыр: 50 тұрғын алапқа газ қосылғантағы төртеуіне желілер тартылады»– деді Азамат Бекет.

Жол инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту жұмыстарына 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенБиыл көпірлер мен жолдарды қайта жаңарту бойынша үш ірі жоба аяқталадысоның ішінде Кірпішті массивіндегі Елек өзені үстінен өтетін жаңа көпір учаскесі мен көпірден «Ақтөбе–Орск» тас жолына дейінгі жолСонымен қатар ұзындығы 36 шақырымнан асатын 28 жаңа жол салынып жатыроның 18-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Қала көшелерінде 80 учаскеде күрделі жөндеу, 15 көшеде орташа жөндеу жүргізілуде.

«Жоспарланған жобаларды кешенді іске асыру қаланың абаттандыру деңгейін айтарлықтай арттырыптұрғындар үшін жайлы жағдай жасайдыАқтөбе қарқынды дамудабіз бұл жұмысты қаламыздың болашағы үшін жалғастырамыз»– деді қала әкімі.

Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Асхат Шахаров қойылған міндеттерді орындауда жүйелі және сапалы тәсілдің қажеттігін атап өттіОл инвестиция тарту деңгейінің төмендігіне алаңдаушылық білдірді: 510 млрд теңге жоспардың орнынатек 167 млрд теңге игерілгенАсхат Шахаров қала әкімдігі мен индустриялдыинновациялық даму басқармасына инвесторлармен жұмысты жандандыру жоспарын шұғыл ұсынуды тапсырдыхалықаралық және ұлттық алаңдарға қатысуды қоса алғанданүктелік тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Сондайақөңір басшысы қалалық ортаның сапасы мен абаттандыру мәселелеріне тоқталды. «Аула мен көшелерді абаттандыруға миллиардтаған теңге жұмсалыпсоңында қисық плиткаарамшөп және балалар жарақат алатын ойын алаңдарын қабылдауға болмайдыБұл жай ғана немқұрайлылық емес – бұл өмір мен денсаулыққа қауіпМердігер мерзімін бұзса немесе сапасыз жұмыс істесеол міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс – тіпті келісімшартты бұзыпжосықсыз мердігерлер тізіміне енгізу керек»– деді әкім.

Облыс әкімі экологиялық жағдайдың да халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айттыОның пікіріншестихиялық қоқыс орындарының болуысу айдындарының ластануы және қалдықтарды сұрыптау жүйесінің жоқтығы қабылданған шаралардың келісілмегендігін және байланыссыз жүргізілгенін көрсетеді.

Мысал ретінде ол Сазды өзенін атадықаржы және мердігер ұйым болғаныменсанитарлық тазалау жұмыстары күткеннәтиже бермегенБұл тапсырыс берушітарапынан тиісті бақылаудың болмауының салдары деп есептейдіӘкім мұндай жағдайлар алдағы уақытта облыс деңгейінде жеке және қатаң қаралатынын айтты.

Сондайақол Ақтөбенің сәулеттік келбетіне ерекше назар аудардыБұл тек сыртқы көрініс емессонымен қатар қаланы дамытудағы басқару тиімділігінің көрсеткіші екенін алға тарттыҚалада ретсізқұрылыстарескірген және тот басқан жарнамалық конструкциялар көпсондайақ қасбеттер мен іргелес аумақтарды безендірудің бірыңғай стандарттары жоқ екенін атап өтті.

Облыс әкімі сәулет басқармасына қала әкімдігімен бірлесіпбір ай ішінде қасбеттермаңдайшалар және шағын сәулеттік формаларға бірыңғай талаптар әзірлеуді тапсырдыОның айтуыншасәулеттік келбет – бұл «қаланың жүзі»ол ұқыптызаманауи және өңірлік орталық мәртебесіне сай болуы тиіс.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button