Теміржолшыларға ескерткіш ашылды

Құрмет
Биыл Мұғалжар теміржол станциясының ашылғанына 120 жыл толды. Айтулы мереке қарсаңында теміржол бекеті ардагерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Ақтау, Орал қалаларынан келген арнайы қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында Дархан Ермағанбетов жиналғандарды ескерткіштің ашылу салтанатымен құттықтап, игі іске үлес қосқан жандарды Алғыс хатпен марапаттаса, Серік Шаңғұтов бір топ ауыл тұрғынына ризашылығын білдірді.
Ескерткіш тақтаға Мұғалжар ауылынан шыққан 70-тен астам еңбек ардагерлерінің есімі қашалып жазылған. Ескерткіш ауылдың байырғы және қазіргі тұрғындарының демеушілігімен бой көтерді.
Тағылымы терең іс-шарада жан-жақтан жиналған теміржолшылардың ұрпақтары ас беріп, ата-баба рухына тағзым етті.
Жандос АЙТЖАН,
Мұғалжар ауданы.



