Жаңалықтар

Үйлердің ауласы  жөнделіп жатыр

Қаланың ескі бөлігіндегі үйлердің ауласы жөнделіп жатыр. Соның бірі — Кереев көшесіндегі №1 және №3 үйлер. 1981 жылы салынған баспана  44 жыл бойы жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда мердігер ұйым «СДС-2012» ЖШС-сы аталған аумақты абаттандырумен айналысып жатыр.

44 жылда бірінші рет ауламыз жөнделіп жатыр. Тұрғындар қуанып жүр. Тротуар төселді, суағар салынды, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды. Енді асфальттау және балалардың ойын алаңын орнату қалып тұр. Осы жұмыстар аяқталған соң тұрғындармен бірге сенбілік ұйымдастырамыз. «Халық қатысатын бюджет» жобасымен баскетбол алаңын жасатып, модернизация бағдарламасымен шатырымызды, жылу желісін жөндетіп алдық,— деді ПИК төрағасы Меңдібай Молдагереев.

Жалпы биыл жазда қаладағы 100 аула жөнделеді. Бұл дегеніміз — 158 көпқабатты үйдің ауласын қамтитын жоба. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі күні бірқатар аулаларға асфальт жабындысы төселіп жатса, енді бірінде асфальт салу үшін дайындық жұмысы жүріп жатыр. Барлық 100 ауланың  аумағы абаттандырылып, жарықтандырылады, тротуар төселеді. Сондай-ақ суағар салынып, орындықтар және қоқыс жәшіктері қойылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button