Жаңалықтар

Мемлекеттік тапырыс: заң және талап

Семинар

«Aqtobe IT Hub» алаңында «Үкіметтік емес ұйым  мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған іс-шараны «Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту» жобасы аясында «Ақтөбе облысының азаматтық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты –— мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен сараптамалық кеңес мүшелеріне конкурстар өткізу, әлеуметтік жобаларды бағалау мен мониторинг жүргізу, сондай-ақ техникалық тапсырмаларды әзірлеу мәселелері бойынша жалпы және салалық ақпарат ұсыну. Жиынға қала мен аудандардан 25 мемлекеттік мекеменің қызметшілері қатысты.

Семинар үш негізгі бағытты қамтыды. Бірінші, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мазмұны, талаптары және құқықтық негіздері, екінші —  жоба тақырыптарын жинақтау, лоттарды қалыптастыру және техникалық тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, үшінші —  әлеуметтік жобаларды мониторингтеу, бағалау және сараптамалық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру.

Оқыту тренинг форматында өтті. Тренингті Қазақстан Британ техникалық университеті бизнес мектебінің профессоры, тәжірибелі бизнес-кеңесші, ментор Қайыржан Абдыхалықов  өткізді.

— Қазіргі таңда  Шалқар ауданында аудандық ішкі саясат бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік тапсырыс алады. Биыл бірінші қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы Заңға өзгерістер енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты тарауларға да өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар дерекқорларға мәлімет тапсырады. Жұмсалған қаржының есебін береді. Былтыр дерекқорларға да бірқатар өзгеріс енгізілді. Бүгінгі семинарда осы өзгерістердің барлығы толық түсіндіріліп айтылып жатыр.  Өзімізді толғандырған сұрақтарды қойып, тұшымды жауап алдық, — деді Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы Нұрсұлтан Қаниятов.

Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button