Жаңалықтар

Қайырымдылық акциясы басталды

1 тамызда елімізде«Мектепке жол»республикалық акциясы басталды. Бұл — жылда өтетін дәстүрлі шара.

«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал, сондай-ақ көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріненаз отбасылардың балалары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардың балаларына және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары бойынша білім беру ұйымдарының тарапынан қаржылай көмек көрсетілетін болады. Көмек отбасы тарапынан тапсырылған құжаттар аталған тармақтарға сәйкес келген жағдайда бөлінеді.

Акцияның басты мақсаты — балалардың білім алуға деген құқығын қамтамасыз етіп, олардың мектепке толық дайын болып баруын қолдау. Шара аясында мектеп жасындағы балаларға кеңсе тауарлары, мектеп формасы, аяқкиім, сөмке және басқа да оқу құралдары түрінде көмек көрсетіледі.

Барша азаматтарды, кәсіпкерлер менмекеме және ұйымдарды балаларды қолдауға атсалысуға шақырамыз! Кішкентай көмектің өзі үлкен қуаныш сыйлайтынын ұмытпайық!

Қосымша ақпарат алу немесе көмек көрсету үшін Ақтөбе қалалық білім бөліміне немесе мектептердің әкімшілігіне хабарласу керек.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button