Жаңалықтар

Әлеуметтік нысандарды аралады

 Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Облыс әкімінің орынбасарының жұмыс сапары Қандыағаш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысудан басталды. Бұл нысан —өңірдегі вокзал шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобаның басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда бұл жерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқаруымен іске асырылып отыр, ал мердігер ұйым — «Абай&C» ЖШС. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны — 2,6 млрд теңге. Қайта жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Одан соң облыс әкімінің орынбасары Финшағын ауданында салынып жатқан 600 орындық жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын қарады. Мектептің құрылыс жұмыстары қарқынды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатарАсылбек Есенбаев Самал шағын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектептің құрылысымен танысып, жауапты мердігер компания басшылығына жұмыстың сапасын жоғары деңгейде жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button