Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инвестициялық құрал – ÚKI алтын инвестициялық монетасын ұсынады

Тұрақсыздық жағдайында алтынның сенімділігі
Алтын дәстүрлі түрде қорғаныс активі болып қала береді, әсіресе экономикалық тұрақсыздық пен инфляция кезеңінде. Көптеген басқа құралдардан айырмашылығы, ол уақыт өте келе құнсызданбайды және сатып алу қабілетін сақтаудың тиімді әдісі ретінде қызмет етеді. ÚKI жеке инвестициялық монетасы қазақстандықтарға күрделі қаржы құралдарын сатып алмай — ақ, алтынға тікелей инвестициялауға мүмкіндік береді.
ÚKI монетасы дегеніміз не?
ÚKI физикалық монетасы алтынның 999,9 ең жоғары үлгісіндежасалған,салмағы 31,1 грамм (бір троя унциясы) және номиналы 100 теңге. Монета арнайы қорғаныс қаптамасында (блистерде) келеді ал оның дизайны даналықты, білімді, жасырын әлеуетті және ерекше көзқарасты бейнелейтін «Көшпенділер тотемі – Жануарлар» сериясынан Сақ стилінде жасалған. Инвестициялық құндылықтан басқа, монета мәдени және эстетикалық қызығушылық тудырады.
ÚKI-ні қайдан және қалай сатып алуға болады?
ÚKI алтын монетасына тапсырыс беру үшін Tabys қосымшасында тіркеліп, «Дүкен» бөліміне өтіп, 20 цифрлық Gold Coin сатып алуыңыз керек. Монетаны алу үшін сіз күнді, ҚРҰБ аумақтық филиалын таңдап, монетаның өндіріс құны мен номиналды құнын төлеуіңіз керек.
Монета қандай бағамен сатылады?
ÚKI монетасының бағасы Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) жариялайтын алтын бағамдары, сондай-ақ сатып алу/ сату алдындағы бір күнге теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы негізінде күн сайын айқындалады. Мұндай формула бағаның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.
Монетаны қайтадан сатуға бола ма?
Иә, ÚKI монетасы жоғары өтімділікке ие. Оны 16 аумақтық филиалда орналасқан Қазақстанның Ұлттық Банкіне кез келген уақытта сатуға болады. Бұл монетаны жинақтау құралы ғана емес, сонымен қатар жеке инвестициялық портфель құрамындағы толыққанды актив етеді.
ÚKI тек алтын монета емес. Бұл қаржылық тәуелсіздік пен саналы инвестицияға бағытталған қадам.




