Күзде халық шығармашылығы орталығы пайдалануға беріледі

Бүгінде жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым «Еңбек» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпықұны — 887,5 млн теңге. Нысан 1948 жылы салынған, жалпы аумағы — 2645,2 шаршы метр.
Облыс әкімі Асхат Шахаров облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Күрделі жөндеу жұмыстары ғимаратты жаңғыртуға бағытталған. Мұнда бұқаралық іс-шаралар, шағын концерттер, халық және хореографиялық ансамбльдердің өнер көрсетуі, сондай-ақ жиналыстар, съездер мен фестивальдер сияқты қоғамдық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға беру осы жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.
Өңір басшысы жобаны сапалы және уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Еске салайық, 2023 жылы қараша айында облыс әкімі бұрынғы Металлургтер үйіне күрделі жөндеуді бастау туралы тапсырма берген.
Өз тілшіміз.



