Жаңалықтар

Кен өндіру — өңір экономикасының негізі

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңір үшін стратегиялық маңызға ие тау-кен өндіру өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды.

Отырыста алдымен облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымхан Мұстапа баяндама жасады.

Ол биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,3 трлн теңгеге жеткенін атап өтті. Бұл ретте өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласының үлесі— 53 пайыз (734 млрд теңге).

Спикердің айтуынша, тау-кен өндіру саласындағы өсім алты ай ішінде 101,5%-ға жеткен. Өңірде жер қойнауын пайдалануға қатысты жалпы сомасы 559 млрд теңге болатын төрт ірі инвестициялық жобаныі ске асыру жоспарлануда, бұл 1600-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында жылына 1,6 млн тонна хром рудасын өндіру көзделген, құны 65 млрд теңге болатын «Болашақ» шахтасының екінші кезеңі, «Kaz Geo rud» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 280 млрд теңгені құрайтын, жылына 1,2 млн тонна мыс рудасын өндіруге қауқарлы «Лиманное» кен орнын игеру жобасы, «Altyn Ex Production» компаниясының «Юбилейное» кенорнында 207 млрд теңгеге тау-кен, металлургиялық комбинат салу жобасы, сондай-ақ «West Gold Mining Limited» компаниясының «Қоскөл-1» кен орнында жылына 300 мың тонна өңдеу қуаты бар, 7 млрд теңгеге алтын байыту фабрикасын салу жобасы бар.

Баяндамашыны тыңдаған облыс әкімі өңір үшін тау-кен өнеркәсібін дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.

Бұлжай ғана экономиканың бір саласы емес, өсім, жаңа жұмыс орындары, инфрақұрылым және жалпы тұрақтылықтың көзі. Біз инвестор тарту шараларын күшейтуге, тек қазумен шектелмей, өңдеуді де дамытуға, жергілікті өндірушілерді қолдауға және экологиялы қталаптардың сақталуын қатаң бақылауға міндеттіміз,—деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті үлесті арттыру бойынша нақты жоспар әзірлеуді, тау-кен өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуді тапсырды.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button