Жаңалықтар

Шаруалар тәжірибе алмасты

Егістік күні

Қарғалы ауданында өткен дәстүрлі Егістік күні өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің басын қосты. Олар заманауи, жоғары өнімді техникалармен және өсімдік, мал шаруашылығындағы соңғы селекциялық жетістіктермен танысты.

Шара аясында «Сәт» шаруа қожалығындағы картоп алқабында «Qargaly Agro Fest- 2025» мамандандырылған көрмесі өтті. Диқандарға жоғары технологиялық дрондар арқылы егіс алқаптарын өңдеу мүмкіндіктері нақты көрсетіліп, алыс-жақын шетелдерден келген жаңа, заманауи және көпфункционалды ауыл шаруашылығы техникалары көрсетілді. Ғалымдар мен агрономдар әріптестерімен өсімдік, егін шаруашылығы саласындағы зерттеулерімен бөліссе, диқандар  тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов диқандарға мол өнім тілеп, облыс басшылығы тарапынан шаруалардың жұмысын жеңілдету үшін барынша жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

— Биыл «Кең дала» бағдарламасы аясында егіс жұмыстарын жүргізу үшін облыстағы 70-тен астам шаруа қожалығына 5 пайыздық несие бөлінді. Бұл жалпы облыс диқандарына көрсетіліп жатқан көмектің бір бөлігі ғана, — деді ол.

Бұл күні «Qargaly Agro Fest-2025» көрмесінің қатысушылары мен қонақтары Велихов ауылдық округіне қарасты «Дилэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі егістік алқаптарында да болып, егістік өңдеудің заманауи технологиясымен танысты.

P.S. Егістік күні туралы толығырақ мақаланы газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Санат РӘШ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button