Жаңалықтар

Сенатор оқытушылармен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушыларымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты — ашық диалог орнатып, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысу.

Кездесуде  университеттің  Басқарма төрағасы, ректор Лаура Қарабасова оқу орнының қазіргі жетістіктері мен даму бағыттары жөнінде қысқаша баяндады. Сондай-ақ оқу орны ұлттық университет статусын алуға әбден лайық екенін де айтып өтті. Өз кезегінде Амангелді Шайхоллаұлы жас ұрпақтың еліміздің болашағы екенін айтып, олардың білімге, ел дамуына қосар үлесі жайлы пікірін білдірді.

Сіздің айтып отырған ұсынысыңызға  менің ойым дөп келіп отыр. Университет ұлттық статус алып, бүкіл өңірдің  білім беру-инновациялық хабына айналдырсақ, жастар үшін игілікті іс болары анық. Осы ұсынысты  Үкімет басшысына сауал ретінде жолдайын деп отырмын, — деген сенатор  оқу орнының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Жиында оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Кездесуден кейін сенатор университет кампусын аралап, Heriot-Watt кампусы, инновациялық технологиялар паркі, Жастар үйі және ғылыми кітапханамен танысты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button