Лауазымды тұлғалар лауазымына сай ма?

Брифинг
Жарты жылда өңірдегі 99 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары, бас бухгалтерлер, бас мамандар және басқа қызметшілер бар.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Іс-шараға қатысқан Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов аталған мекеменің алғашқы жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады.
Департамент есепті мерзімде76 аудиторлық іс-шара өткізген. Нақтырақ айтқанда, оның74-і — жергілікті бюджеттен,2-еуі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.
— Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сәйкестігіне аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Қорытындысында жалпы сомасы 34020,4 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды.Қаржылық есептілік аудит бойынша жалпы сомасы 66972,4 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды, — деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 57147,4 млн теңге қаржылық бұзушықтардан 56953,4 млн теңге өтеліп, қалпына келтірілген.
Жартыжылдықтадепартаментке «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 648өтініш түскен.
Мекеме тарапынан есепті кезеңде 75лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 150 хаттама толтырылыпты.Салынған әкімшілік айыппұл сомасы— 12,1млн теңге. Бұл қаржытолығымен бюджетке өндірілді. Сондай-ақ 99лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары, бас бухгалтерлер, бас мамандар және басқа қызметшілер бар.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.



