Жаңалықтар

Дамуға бастайтын маңызды қадам

Қазақстандағы нысандардың 70%-дан астамының бәсекелестік ортаға берілуі – экономиканы ырықтандыру және тиімділікті арттыру бағытындағы маңызды қадам. Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 396 нысанның сатылып, 922 млрд теңге түсім әкелуі – бұл процестің тек фискалдық емес, сонымен бірге құрылымдық мәні бар екенін көрсетеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы активтердің жеке секторға өтуі олардың тиімділігін, рентабельділігін арттыруға және бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Қазіргі уақытта сатылым алдындағы дайындықтағы, сатылымдағы және таратудағы нысандардың да жұмыстары жалғасып жатқаны бұл жоспардың жүйелі және кезең-кезеңімен іске асырылып жатқанын аңғартады. Сонымен қатар, жоспарға қосуға дайындалған қосымша 475 нысан алдағы жылдары бәсекелестік ортаның кеңеюіне мүмкіндік береді. Жекешелендіру процесі бюджетке түсім ғана емес, инвестициялар тартуға, технологиялық жаңаруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізеді. Дегенмен, бұл процесті қоғам мүддесіне сай, ашықтық пен әділдік қағидаттарына сәйкес жүргізу маңызды. Әсіресе, стратегиялық нысандар мен әлеуметтік маңызы бар активтерді жекешелендіру кезінде олардың халыққа қолжетімді болуын сақтау – негізгі міндеттердің бірі. Жалпы алғанда, қазіргі қарқын Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жеке сектордың үлесін арттыруға бағытталған дұрыс саясаттың нәтижесін көрсетеді. Алдағы кезеңде бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру арқылы елдің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға болады.

Гүлнәр Кабиева, «Жас Ақтөбе» қоғамдық қорының мүшесі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button