Жаңалықтар

Сенат депутатын қабылдады

Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаты Амангелді Нұғмановты қабылдады.

Кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар және инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.

Облыс әкімі өңірде жүзеге асып жатқан бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндаса, Сенат депутаты заңнамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Амангелді Нұғманов Президент тапсырмаларын орындау басты міндет екенін жеткізді. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар нысандар салу, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікке серпін беру, ауылшаруашылығы мен туризмді қолдау бағыттарында қоғам мен билік арасында ашық әрі сындарлы диалог болуы қажет.

 

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button