120 заңбұзушылық анықталды

Брифинг
Жыл басынан бері облыстық экология департаменті экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында17 тексеру жүргізді. Қорытындысында 120 заңбұзушылық анықталды. 70 әкімшілік айыппұл (жалпы сомасы 38 876 789 теңге) салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Іс-шарада аталған мекеменің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды. Департамент басшысы Е.Қуанов өңірлік экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру, сондай-ақ экология департаментінің қызметі және қабылданған шаралар туралы жан-жақты айтты.
— Біздің департамент қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясындатабиғатты пайдаланушылардың қызметіне тұрақты түрде экологиялық бақылау жүргізіпкеледі.
Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған 2024–2026 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бұл құжат Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген және өңірдің негізгі экологиялық мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған, — деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мамандары экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында барлығы 17 тексеру жүргізген. Оның ішіндеалтауы — профилактикалық бақылау, оны жоспардан тыс тексеру болса, біреуі — біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеруге бағытталған профилактикалық бақылау. Қорытындысында 120 экологиялық заң бұзушылық анықталыпты.70 әкімшілік айыппұл салынған. Оның ішінде53 айыппұл өндірілген.
Департаменттің экологиялық реттеу бөлімі мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізеді. Е-лицензиялау МДБ арқылы(www.elicense.kz) бірнеше қызмет көрсетілген. Ал зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасынан 33 сынама алынған.Қорытындысында 413 анықтама орындалды және инспекторлық тексерулер жүргізу барысында 24 асып кету дерегі анықталған.
Облыстағы экологиялық мәселелерді кешенді шешуге арналған Жол картасын іске асыру мақсатында жалпы 44 іс-шара жоспарланған.Қазір оның 10-ы орындалды. Жыл соңына дейін 18-і жүзеге асырылатын болады.
— Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы (пеш цехы) ферроқорытпа газы толықтай кәдеге жаратылатын болады. Бұл мақсатта утилизация станциясы салынады. Сонымен қатар№1пеш цехының модернизациясы және өндірілетін кеннің 100 пайызын қайта өңдеу жоспарланып отыр.Қазіргі уақытта электр станциясын (УЭС) іске қосу бойынша Жол картасы әзірленді, — деді Е.Қуанов.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ындағы №1 және №2 газ өңдеу зауыттарында алауларда жағылатын тазартылмаған газ №4 компрессорлық станция арқылы өңделетін болады.
Есепті мерзім ішінде ғарыштық мониторинг қорытындысы бойынша облыста рұқсат етілмеген 38 қоқыс полигоны анықталған. Ғарыштық зондтау қыркүйек айына дейін жүргізілмек.Экология департаменті мен Ақтөбе қалалық табиғатты қорғау полициясы бірлесіп, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.



