Жаңалықтар

Жәрмеңкеге келіңіз!

Ақтөбедегі «Табыс» коммуналдық базарында сенбі  күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Басталуы — таңғы сағат 8.00-де.

Жәрмеңкеге Алға, Қарғалы, Мұғалжар, Темір аудандарынан келген және Ақтөбе қаласындағы  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылады.

Жәрмеңкеде өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15%-ға төмен болады.

Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button