Жаңалықтар

Облыс тұрғындарының 43 пайызы спортпен шұғылданады

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының биыл жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.

Облыс көлемінде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындарды денешынықтырумен жүйелі түрде айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірде жұмыс жасап жатқан  аккредиттелген 69федерациямен бірлесе, барлық спорт түрлері бойынша чемпионаттар ұйымдастырылып, облыстық команда мүшелері жас ерекшеліктері бойынша республикалық чемпионаттарға қатысуда. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мәселен, маусымда халықаралық шахмат турнирін өткізсек, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай қазақ күресі мен дзюдодан республикалық жарыс ұйымдастырылды, — деді басқарма басшысы.

Мейрамбек Махамбетов облыс тұрғындарының  43,6 пайызы спортпен шұғылданатынын айтты.

Сондай-ақ биыл және келесі жылы облыс аумағында 20 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Олардың ішінде Ақтөбе қаласындағы «Динамо» спортзалы және Батыс-2 шағын ауданында орналасқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешені бар.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button