Жаңалықтар

 «Jumystap» жастарға тегін кеңес береді

Ақтөбеде «JumysTAP» жобасы аясында халық көп шоғырланатын жерлерде жұмыс іздеген жастарға кеңес беру-модульдік пункттері ашылды. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша 5 модульдік пункт жұмыс істеп жатыр.
Атап айтсақ, олар Тургенев көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Халықтық кеңсе», «Далида» сауда орталығы, Есет батыр тұрғын алабы аумақтарында және «Тұрғындар қалашығы базарының автотұрақ маңында орналасқан.
Әр модульдік пунктке жауапты мамандар бекітілген. Сондай-ақ келісілген кестеге сәйкес облыстық білім басқармасының, еңбек мобильдігі орталықтарының, қылмыстық-атқару жүйесінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Отбасы банк» АҚ мамандары консультация жүргізеді.
— Модульдік пункттер халыққа еңбекпен қамту, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, тұрғын үй бағдарламалары, білім беру бастамалары, жастарды қолдау бағдарламалары бойынша тегін кеңес беру қызметтерін ұсынады. Бұл жоба әсіресе жастарға зор мүмкіндік деп санаймын. Мәселен, жұмыс іздеген азаматтарға жұмыспен қамту орталығының мамандары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат береді. Сондай-ақ облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары да осы жерден табылады. Талапкерлерге қандай оқуға түсуге болатыны жөнінде, өңіріміздегі оқу орындары туралы да кеңінен кеңес беріледі, — дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев.
Кеңес беру пункттері күн сайын таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button