Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстарын тексерді

жол

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе-Хромтау-Ақтөбе бағытындағы, сондай-ақ Ясный-2 тұрғын алабындағы жол жөндеу жұмыстарын көрді.

Алдымен өңір басшысы Бауыржан Момышұлы даңғылынан Солтүстік айналма жолға дейінгі (Хромтау трассасы) автомобиль жолдарын қарап шықты.

Аталған орташа жөндеу жобасына жауапты мекеме — «Агрофирма Көквест» ЖШС. Мердігер міндетіне алған жол құрылысының ұзындығы— 21 600 метр.

Қала әкімі Азамат Бекет Ақтөбеде жол жөндеу бойынша жүзеге асырылған жобаларды тілге тиек етті. Ал «Агрофирма Көквест» ЖШС-ның учаске бастығы Жақсылық Өтебаев аталған учаске бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Оның сөзінше, биыл «Агрофирма Көквест» ЖШС Хромтауға кіріп-шығатын трасса, Көктем тұрғын алабындағы — Бөкенбаев, Жібек тұрғын алабындағы Биекенов көшесін, сондай-ақ №55 орта мектептің кіреберіс жолдарын жөндейді. Сонымен қатар Жайық көшесінің бірінші қабатын салып қойған, енді екінші қабатын төсейді.

— Біз қазір Ақтөбеге баратын бағыттың бәрін фрезерлеп, 60 мың шаршы метр жерге асфальт төседік. Қалаға қарай бағытталған жолдың қалың қабатын төсейміз. Кейін қайта айналып келіп, үстіңгі қабатын саламыз. Бір жағын бітірген соң, екінші жағын бастаймыз. Бару және қайту жолының ұзындығы — 21 600 метр. Сондай-ақ бүгінде қаладан шығаберіс бағытта фрезерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың қарқыны жақсы, жаңбыр тоқтаған соң асфальт төсеуге де кірісеміз,— деді Жақсылық Өтебаев.

Облыс әкімі Ақтөбе-Хромтау-Ақтөбе бағытына қатысты тұрғындар шағымы көп екенін атап өтті. Мердігер компания жол сапасына қатысты азаматтардың талап-тілегін ескеру керек. Сонымен қоса жұмыстарды жоспарға сәйкес аяқтаған жөн.

Бұдан кейін облыс әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ясный-2 тұрғын алабындағы  учаскелерді аралап, мердігерлермен, инженерлік-техникалық қызметкерлермен тілдесті. Жол құрылысы барысында қолданылатын материал сапасы мен қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмады.

Учаске бастығы Вадим Конешенконың айтуынша, «Ассана ДорСтрой» ЖШС Ясный-2 тұрғын алабындағы 15 көшеге жол салып жатыр. Төселетін жолдардың жалпы ұзындығы —  9,5 шақырым. Атап өтерлігі, бұл жерде бұрын ешқашан асфальт болмаған. Жоба аясында көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жолдарды абаттандыру да қарастырылған.

—Жобаныңжалпықұны— 1,4 миллиард теңге. Бүгінге дейін 500 миллионтеңгеденастамыигерілді. 305 көшешамыорнатылады, 7,5 шақырымдықжауын-шашынсуыөтетінарық, велосипед жолақтарысалынады. Бізтұрғындарменақылдасып, қалайыңғайлыболатынынбіргешешіпжатырмыз.Біздіңқұрамда 41 адамжұмысістепжатыр, оныңішінде 13-і —инженерлік-техникалыққызметкер. Инженерлертұрғындардыңөмірінжақсартуүшін бар күшінсалыпжұмысістеуде. Еңбастысы,тұрғындарданеңбегімізгеқұрметпенқараудысұраймыз. Кейдеқазықтардыұрлап, бордюрлердісындырыпкететіндер бар. Биылбарлықжұмыстыаяқтаймыз, жоспарбойыншақыркүйекайында пайдалануға береміз. Кепілдікмерзімі— 7 жыл,—деді Вадим Конешенко.

Жол салу жұмыстарын қарап шыққан Асхат Шахаров:

— Бұл — тек жол салу емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Сондықтан әрбір бөлігіне дейін мұқият қарап, тұрғындармен кері байланысты жолға қою маңызды. Сапасыз салынған жол уақыт өте үлкен мәселеге айналады. Сол себептіжұмыстарға жауапкершілікпен қараған жөн. Жыл сайын біз тұрғын алаптардағы жолдарды жөндеуді қолға алып келеміз. Бәрін бірден жасау мүмкін емес, осылай жобаларды бірте-бірте жүзеге асырамыз,— деді.

Облыс әкімі жұмысшыларға қажетті жағдай жасау, қауіпсіздік талаптарының орындалуын және құрылыс техникасының жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол аталған жобалардың облыстың дамуына қосар үлесі зор екенін және мұндай ауқымды жобалар арқылы қала келбеті ғана емес, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі де қамтамасыз етілетінін алға тартты.

Сөзінің соңында облыс басшысы Ақтөбе қаласы әкіміне жұмыс барысын күнделікті бақылауда ұстауды, тұрғындардың өтініш-тілектерін ескеруді тапсырды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button