Жаңалықтар

Ауызсудың аужайы

жиын

Кеше облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу шаралары, суға түсу маусымының өту барысы және дала өртінің алдын алу, сондай-ақ сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиында аталған мәселелер бойынша жауапты басқарма және департамент басшылары баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың сөзінше, Мемлекет басшысы Жолдауындағы 2025 жылы халықтың сапалы ауызсуға қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу тапсырмасын орындау нәтижесінде облыстағы ауызсумен жабдықтау қолжетімділігін елдімекендер бойынша 301-ге (94,4%), халық саны бойынша 927 мың адамға (99,9%) жеткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек Ақтөбе қаласындағы бірқатар тұрғын алаптарды (Жаңаауыл-1,2,3, Сарбаз, Ақжар плюс, Ақшат-2,3, Жаңақоныс-3,4, Бауырластар-3,5)сумен қамтамасыз ету мақсатында 5маңызды жоба жасақталды.Сондай-ақ республикалық бюджеттен су желілерін реконструкциялау мақсатында салалық министрлікке 14 жобаны қаржыландыруға өтінім ұсынылды.

Ақтөбе қаласында су бұру желілерін қайта жаңғырту бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ республикалық бюджеттен су бұру желілерін реконструкциялау мақсатында салалық министрлікке 10 жобаны қаржыландыруға өтінім ұсынылды.

Облыс әкімі бұл бағытта жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, суды үнемдеу мәселесі бойынша цифрлық мониторинг жүйесін кеңінен енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Отырыста қаралған екінші мәселе — суға түсу маусымындағы қауіпсіздік мәселесі. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындар мен су жағасында демалушылардың қауіпсіздігін сақтау басым бағыттардың бірі екенін еске салды.

Бүгінде облыс аумағында рұқсат етілген 64 орын белгіленген. Осы және тыйым салынған орындарда күнделікті 367 адам, оның ішінде полиция, құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері патрульдеу жүргізеді.Ал дала өрттерінің алдын алу мәселесінде қолға алынған жұмыстарды күшейту жүктелді.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев сұйытылған мұнай газының бірыңғай цифрлық платформасы жасақталғанын алға тартты. Бұл платформа автогаз құю және газ толтыру станцияларының цифрлық паспортын жүргізу, газ көлемін алуға өтінімдерді беру және өңдеуді, келісуді автоматтандыру, газды орталықтандырылған түрде бөлу, тұтынуды және маусымдық тұтынудың өзгеруін болжау үшін тарихи деректерді жинақтау және талдау, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қағаз құжат айналымын барынша азайту жұмыстарын оңтайландырады.

Зауыттардан жөнелтілген көлемді бақылау мақсатында кәсіпкерлік басқармасы аудандық әкімдіктермен бірлесіп, облыс аумағындағы газ толтыру станциялары және автогаз құю бекеттеріне 400-ге жуық мониторинг жұмыстарын жүргізген. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады.

Облыс әкімі басқарма басшына сұйылтылған газ мәселесін баса назарда ұстауды, халықты алаңдататын мәселелерге жол бермеуді тапсырып, Энергетика министрлігімен тығыз байланыста болу қажеттігін атап өтті.

Мәжіліс соңында Асхат Шахаров барлық мемлекеттік және квазисектордағы мекеме басшыларына көтерілген сұрақтарға қатысты нақты нәтижеге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және оның орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button