Ұстаздарға көрсетілген құрмет

Баспасөз — 2025
Жуырда «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, серіктестік директорының орынбасары Айгүл Нұркеева, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназиясында білім беру ұйымдарының директорларымен кездесу өткізді. Оған қалалық білім бөлімінің басшысы Әліби Латып қатысты.
Аталған кездесудің мақсаты — баспасөзге жазылу науқанында белсенділік көрсеткен мектептер мен балабақшалар басшыларына құрмет көрсету, зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасу.
Басқосуда алдымен сөз сөйлеген «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың алар орны ерекше екенін, зиялы қауым өкілдері саналатын педагогтер облыстық басылымдарға жазылу науқанына сүбелі үлестерін қосып жүргенін жеткізді.
Серіктестік директоры қала мектептерінің ішінде газетке жазылу науқаны тұсында белсенділік танытқан 30 мектеп пен балабақшаның басшысына Алғыс хат табыстады. Олардың қатарында №2 мектеп-гимназиясының директоры Б.Байбұлов, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Ж.Романова, Х.Доспанова атындағы №14 орта мектеп директоры Сәбит Шүйтенов, І.Есенберлин атындағы №15 орта мектеп директоры Н.Байниязова, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директоры М.Тойшыманова, т.б. бар.
Өз тілшіміз.



