Жаңалықтар

Ақтөбеде биыл жазда көпқабатты 158 үйдің ауласына кешенді абаттандыру жүргізілуде

Облыс әкімі Асхат Шахаров кешенді абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қала басшысы Азамат Бекеттің сөзінше, аулаларға тротуар, асфальт астына геосетка және үстіне асфальт жабындысы төселуде, жиектастар, суағарлар, жарықтандыру орнатылуда, орындықтар, урналар қойылып жатыр. Ақтөбе әкімдігі тұрғындармен ақылдаса отырып, бірқатар аулаға автотұрақ, енді біріне спорт және балалардың ойын алаңдарын орнатуда.

Кешенді абаттандыру келесі жылы тағы да басқа 100 аулада жалғасады.

«Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда болу керек. Егер аулада жағдай жасасақ, бұл ауланың балалары басқаларға барып ойнамайды. Ата-ана да алаңдамайды», – деп атап өтті өңір басшысы.

«Еңбек» ЖШС міндетіндегі құрылыс жұмыстарын көрген Асхат Шахаров ауладағы тұрғындармен әңгімелесіп, Мүлік иелері бірлестігінің басшысына аулаға ағаштар отырғызып, көгалдандыру ісін қолға алу керектігін айтты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button