Жаңалықтар

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасы мен «Еңбек адамы» идеологиясынілгерілетугеарналғаніс-шара ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласындағы Мансап орталығының филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыссыздар мен жұмыс табуда қиындық көріп жүргендерге арналды. Айтап айтсақ, жәрмеңкеге түзеу мекемелерінен босатылғандар, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, сондай-ақ алимент бойынша берешегі бар борышкерлер қатысты.

Іс-шарада өңірдің 10 ірі мекемесі мен кәсіпорны түрлі бағыттағы 89 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың ішінде Есет батыр Көкіұлы атындағы №20982 әскери бөлімі, Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты, «Ramazan Elevator» ЖШС және өзге де өндірістік және коммерциялық ұйымдар бар.

Ұсынылған мамандықтардың қатарында оператор, фрезерші, токарь, қытай тілі аудармашысы, бағбан, сапаны бақылау инженері, сметалық инженер, жүргізуші, слесарь, жүк тасушы, аймақтық директор және тағы басқа лауазымдар бар.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз грант алу, сондай-ақ электронды еңбек биржасы www.enbek.kz порталына тіркелу мәселелері бойынша жан-жақты кеңес алды.Бүгінде аталған порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1067 бос жұмыс орны жарияланған.

— Жәрмеңке барысында өтініш білдірген жұмыссыздарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсініктемелер берілді. Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде 62 жұмыс іздеуші тұрғын жолығып, 33 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды. Жолдама алғандардың ішінде бір пробация қызметі есебінде тұрған азамат, 32 борышкер бар, — дейдіАқтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығының бөлім басшысы Айнұр Жалғасбай.

Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға ынталандыруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және қоғамда өнімді еңбек мәдениетін нығайтуға бағытталып отыр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button