Жаңалықтар

Жаңажолдағы жиын

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов кезекті есеп беру жиынын Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылында өткізді. Ол өткен жылдың жұмысын қорытындылап, биылға жоспарланған жұмыстарды таныстырды.

Ауыл тұрғындары жол жөндеу, ауызсу, жарықтандыру және жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді.

Оймауыт ауылында 80 орындық клубсалу жоспарланып отыр.Биыл Оймауыт-Миялы көтерме жолына тас төселуде. Оймауыт дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізілмек.

Биыл Қожасай-Қаражар-Оймауыт газ құбырынтарту бойынша біраз істер жасалуға тиіс. Ауыл көшелерінезаман талабына сай шамдар орналастылады.Оймауытта өткен жылы ашылған өрт сөндіру бекетіне 7 адам жұмысқа қабылданды.

Жиында Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Қоңқаев Оймауытта атқарылған жұмыстарды баяндады.Оймауытта 134 түтін бар. Халық саны — 750 адам. Сағи Жиенбаев атындағы орта мектепте 156 оқушы білім алады, ал балабақшада — 40, мектепке дейінгі шағын орталықта 10 тәрбиленуші бар.

Мыңнан астам түйе, бес мыңнан астам жылқы, 14 мыңға жуық қой-ешкі,4 мыңға жуық мүйізді ірі қара тіркелген. Тұрғындар қысқа мал азығын мол етіп дайындайды. Дегенмен ауа райы қолайлы болғандықтан дайындалған мал азығының 50 пайызы аулада қалады.

2023-2024 жылдары «Ауыл аманаты» жобасына 16 құжат тапсырылып, оның 12-сі мақұлданған. Оның ішінде 9-ы мал шаруашылығы бағытында кәсіп ашса, 3-уі — шағын кәсіпкерлік.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Оймауыттағы мекемелердің маңына демеушілікпен 200 түп қарағаш егілген. «Биджипи» компаниясының демеушілігімен Оймауыт ауылының қоқыс төгетін полигоны тазартылды. Ауылдан 45 шақырым қашықтықта орналасқан Сайқұдық артизанын тазарту жұмысы да аталған компанияның көмегімен жүзеге асырылыпты. Сонымен қатар артизан тазарту жұмыстарында ауыл азаматтары да ауызбіршілік танытып, Байкөл артизанын қайта қалыпқа келтірген.

20 жыл бұрын Оймауыттағы мектепті бітірген түлектер ауыл халқына ерекше сый жасады. Заман талабына сай көпфункционалды саябақашты. Мұндажазда ролик тебетін кең алаң жасақталды, қыста мұз айдыныболады. Сонымен қатар балаларға ойын алаңы, демалуға жайлы орындар бар.

Рита ТӨРӘЛІ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button