Жаңалықтар

Қандай талаптар қойылады?

Жағажай

Көпшілік демалатын орындар түрлі аурулар мен індет көзіне айналмауы керек. Ол үшін бұл орындарда тазалық, басқа да санитарлық талаптар сақталуға тиіс.

Жаз мезгілінде жұртшылық табиғатта, су айдындарында демалғанды ұнататыны белгілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында су айдындарының санитарлық тазалығы туралы мәселе талқыланды. Жиынға облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанова қатысып, көпшілік демалатын орындарға қойылатын талаптарға тоқталды.

Денсаулық сақтау министрінің «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» жөніндегі бұйрығында көрсетілгендей, шомылуға және демалуға арналған жағажайларда қоқыс шашылмауы керек. Ол жерлер күніне бірнеше рет қоқыстан тазартылып тұруға тиіс.

Сондай-ақ демалыс орындары порттар, су электр стансалары, мал қоралары, т.б. су көзін ластайтын нысандардан кемінде 500 метр қашықтықта орналасуы шарт.

Талаптардың бірі — жағажай аумағының күн сәулесінен қорғайтын шатырлар, орындықтар, т.б. жабдықтармен жабдықталуы.

Әр күні жағажай жабылғаннан кейін жағалау, киініп-шешінетін орындар, жасыл аймақтар мен дәретханалар толықтайтазартылып, дезинфекция жүргізілуі керек. Жағажайда кір жууға және жануарларды шомылдыруға болмайды.

Шомылу маусымы басталмас бұрын су қоймаларындағы су құрамының, жағажайдағы құмның талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Облыста биылғы маусымда санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг аясында демалыс, туризм орындары ретінде пайдаланылатын су айдындарынан санитарлық-микробиологиялық зерттеулерге — 44, паразитологиялық зерттеуге — 44,  санитарлық-химиялық зерттеуге 52 сынама алынып-тексерілген, бәрі де гигиеналық нормативтерталаптарына сәйкес келіпті. Сонымен қатар топырақ сынамалары да зерттеліп, талаптарға сәйкестігі анықталған.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button