Жаңалықтар

Жағымсыз иістің ошағы анықталды

Экология

Соңғы кездері Ақтөбе қаласына тараған жағымсыз иістің көзі анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, иіс шығу дерегі бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және экология департаментінің зертхана мамандары бірлесіп, тексеру жүргізген. Ауадан алынған сынамалар нәтижесінде иістің көзі анықталды.

Иістің шығу көзі — органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылған құс саңғырығы. Атап айтқанда, Алға ауданының Бестамақ ауылы мен Ақтөбе қаласы арасындағы «Ақтөбе Агро» шаруа қожалығы қаланың 41-разъезіндегі құс фабрикасынан алынған саңғырықты 120 гектар жерге тыңайтқыш ретінде пайдаланған.Тыңайтқышты жерге жаю кезінде оның иісі желмен қалаға таралған. Осыған байланысты біз шаруашылық басшылығына бұл әрекетті тоқтату жөнінде ескерту беріп, нақты нұсқама жасадық.  Қалған қалдықтарды қала сыртына шығару тапсырылды, — деді Ербол Қуанов.

Сондай-ақ ол құс фабрикасына ауаны тазартатын озонация технологиясын енгізу талабы қойылғанын да айтты. Олар бұл құрылғыны екі ай ішінде орнатуға міндеттелді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button