Жаңалықтар

Тәуір жолдар көбейеді

Қала

Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары басталды. Әсіресе тұрғын алаптарда  жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Қала әкімі Азамат Бекет бірқатар жол жұмыстарын мамандармен бірге аралап көрді.

Қазіргі таңда Хромтау бағытындағы тасжолдың қалаға кіреберісі, яғни 763-ші шақырымынан бастап Б.Момышұлы көшесіне дейінгі 11 шақырым жерге асфальт жабындысының бірінші қабаты төселіп жатыр. Мамандар күн сайын  бір шақырым жерге асфальт төсейді.  Қала әкімі осы қарқынды төмендетпей, ірі түйіршікті асфальт бетон жамылғысын жолдың екі бағытына 20-25 күнде төсеп аяқтауды тапсырды.

Бұл біздің қалаға кіреберіс жолдың бірі болғандықтан көлік нөпірі өте жоғары. Уақыт оздырмай аяқтауларыңыз керек. Әсіресе жол сапасына сын көп айтылатынын ескеріңіздер, —  деді Азамат Бекет.

Бұл учаскеде жол саласына машықтанған «Коквест» компаниясы жұмыс істеп жатыр.

— 10 километрден асатын учаскеніасфальттапжатырмыз. Қалағабаратынжәнекейінқайтатынекібағыттыесептегенде, жөндепжатқанжолымыздыңжалпыұзындығы— 21 километр  600 метр. Қазіргітаңдаастыңғықабатынаірітүйіршікті асфальт бетон төсепжатырмыз. Осыныбітіргенсоң, жолдыңжоғарғықабатына полимер қосылғанқиыршықтастымастикалықасфальт бетон төсепшығамыз, —деді «Коквест» ЖШС учаскебасшысыЖақсылықӨтебаев.

Сондай-ақ қаланың Ясный-2 тұрғыналабының 15 көшесіне де жол салынып жатыр. Мердігер — «АССАНА-ДорСтрой» ЖШС. Қала әкімі Азамат Бекет бұл аумақты да аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды  көрді.

Жұмысты өткен жылы бастадыңыздар, биыл қыркүйекке дейін 15 көшені аяқтап тапсыру міндеті тұр алдарыңызда. Қаражат жеткілікті берілді. Кестеден қалмаңыздар! Біз тек жұмыстың сапасы мен мерзімінде орындалуын талап етеміз,— деді Азамат Бекет.

Ясный-2 тұрғын алабына 9,415 шақырым  жол салынып жатыр. Көшеге асфальт төселгеннен кейін тротуар мен суағар салынып, жарықтандырылады.

Қала әкімі жұмыс барысын бақылап отырған ауыл ақсақалдарымен тілдесіп, олардың да ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

— Бұл жерде мүлдем асфальт жол болған емес.Әсіресе көктем, күз айларында қиналып қалатын едік. Қазір бұл аумақта үйлердің саны өсті. Жүретін көліккөп. Жол салынады дегенде қуанып қалдық. Жаңадан салып жатқан жолдың жұмысын күн сайын бақылап, қарап отырмыз. Жұмыс қарқыны өте жақсы,—  деді жиналған ақсақалдар.

Тағы бір ескеретін нәрсе, жол жаңадан салынып жатқандықтан мердігер өзі салған құрылыстың  сапасына 7 жыл кепілдік береді, яғни мердігердің міндетінен 7 жыл бойы жауапкершілік алынбайды.

Құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аумақтың бірі —  Заречный-1 тұрғын алабы. Аталған аумақтың М.Бөкенбаев көшесіне асфальт төселіп жатыр.

— Бұл жол өте нашар болды. Былтыр тұрғындардың өтініші бойынша жоспарға енгіздік. Көше толық асфальтталғаннан кейін бұл жолмен автобус жүреді. Сондықтан жұмысты сапалы жасаған жөн. Осы қарқынмен биылдан қалдырмай аяқтауларыңыз керек, —  деді қала әкімі Азамат Бекет.

Асфальттың бірінші қабатын жол лабораториясы тексереді. Қорытындысы шыққаннан кейін ғана мердігер жұмысты жалғастырып, екінші қабатын төсеп, жұмысты аяқтайды.

Біз ұзындығы бір шақырымнан асатын көшеге ірі түйіршікті асфальт бетон жамылғысын төсеп қойдық. Енді жол лабораториясының оң шешімін алсақ, жоғары қабатына ұсақ түйіршікті асфальт бетон жамылғысын төсейміз. Су шығатын батпақты учаскелер болды. Оны қиыршықтасты-құмды қоспамен толтырдық. Қазір құдықтарды ретке келтіріп  жатырмыз. Сонымен қатар 900 метр тротуар жолын саламыз,— деді мердігер ұйымның учаске басшысы Жақсылық Өтебаев.

Қаланың жаңадан бой көтерген тұрғын алаптарында да жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Қызылжар-3 елді мекенінің 17 көшесіне асфальт төселеді.

— Қызылжар-3 тұрғын алабының орталық бір көшесінен басқа жерінде асфальт жол болған жоқ. Өткен жылы 6 көшесін асфальттадық. Биыл 7 көше асфальтталып, суағар, тротуарлар салынып, жарықтандырылады, — деді «Коквест» ЖШС басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаев.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button