Жаңалықтар

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Қабылдауға келген ақтөбеліктер тұрғын үй алу, мүлікті жекешелендіру, денсаулық жағдайы, сондай-ақ жер және әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.

Өтініш білдіргендердің арасында әлеуметтік осал топ өкілдері, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ тұрғын үй кооперативінің үлескерлері бар.

Жиі көтерілген мәселелердің бірі – баспана. Осыған сәйкес, азаматтарға жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйді бөлу тәртібі мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес баспанаға кезекті сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, сатып алынған тұрғын үйді жекешелендіру және жер учаскелерін беру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, үлескерлердің проблемалары қозғалды. Олар құрылыс жоспарланған жер учаскесінің құқықтық мәртебесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Әрбір өтініш бойынша тиісті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, кейбір мәселелер облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button