Жаңалықтар

Нұржайнаның сұлулық салоны

Кәсіп

Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында  «Nur beautyzone» сән салоны бар. Оны мемлекеттен қайтарымсыз грант алған жас кәсіпкер Нұржайна Құлбаева дөңгелетіп отыр.

Ол былтыр мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, қажетті құрал-жабдықтардың бәрін сатып алған. Арманындағы салонды заманауи үлгіде жабдықтаған. Көптеген біліктілік курстарын оқып, тәжірибе жинақтаған. Бұл саланың қыр-сырын меңгерген ол арнаулы оқу орнында оқыған кәсіби білімін тәжірибемен ұштастырып келеді. Бүгінде Нұржайнаның салонына келушілер көбейген.

Сән салонында қыз-келіншектердің сұлулыққа күтім жасауына барлық жағдай жасалған. Мұнда ажарыңызға көңіл бөліп, косметологиялық қызметтерді жасыңызға сай пайдалануға мүмкіндік бар. Келушілерге шаш сәндеуден басқа лашмейкер, тырнақ әрлеу, шугаринг сияқты сұранысқа ие қызметтер ұсынылады. Алдағы уақытта ол шағын сұлулық салонында халыққа қажет басқа да қызмет түрлерін ұсынуды жоспарлап отыр. Сондықтан Нұржайна сұлулыққа жаны құмар жастарды оқытып, оларды жұмыспен қамтамасыз етпек.

 Айна МЫРЗАТАЕВА,

«Ақтөбе қаласының мансап орталығы»

филиалының директоры

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button