Халық қаһармандары мен еңбек ерлері келді

Форум
Ақтөбеде 15-17 мамыр аралығында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларды кеңінен насихаттап, олардың еңбектерін кейінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында Халық қаһармандары мен Еңбек Ерлерінің IV конференциясы өтеді.
Аталған іс-шараға қатысатын мәртебелі қонақтардыоблыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханбастаған топ әуежайдан оркестрмен күтіп алды. Қонақтарды гүл шоғымен қарсы алған ақтөбеліктер форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Халық қаһарманыБақытжан Ертаев батырлар еліндегі форумға қатысатынына ризашылығын білдірді.
— Ақтөбеліктер әуежайға табан тірегеннен қазақы дәстүрмен дәмін ұсынып, күтіп алып жатыр. Өте ризамын. Ақтөбе — батырлардың елі. Бұл жерде батыр қызымыз Әлия Молдағұлова дүниеге келген. Қаһарман қызымыз биыл 100 жасқа толып отыр. Батырдың ерлігі мәңгі есімізде. Ақтөбеде өткелі отырған жиынның мақсаты — осындай тұлғалардың ерлігін насихаттау. Іс-шара аясында батырлардың басына барып Құран бағыштаймыз. Жастарға ақыл-кеңесімізді айтамыз, — деді Бақытжан Ертаев.
Қонақтардыңқатарында Серік Ақшолақов, Мұрат Қайыргелдин, Рышат Амренов секілді Еңбек Ерлері бар.
Үш күнге созылатын конференция аясында қонақтар Ә.Молдағұлова ескерткіш кешеніне тағзым етіп, батыр атындағы мемориалды музейге барады. Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының жастарымен кездеседі.
Кәмшат ҚОПАЕВА.



