Жаңалықтар

Балаңыз не жеп жүр?

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ,

«Ақтөбе».

Ойтүрткі

Күндегі әдетіммен жұмыстан соң үйге жақын жердегі дүкенге нан алу үшін соқтым. Екі-үш оқушы дүкенге менімен қатар кірді. Олар сыртында түсініксіз иероглифтері бар ақ-қызыл қаптамадағыжейтін бірдеңенің бағасын сұрап жатты. «Кішкентайы 35-50, үлкені — 100-150 теңге», — деді дүкенші. Нанымды алып, шығып кеттім.

Алайда көңіліме күдік ұялатқан жаңағы көрініс ойымнан кетпей қойды.

Алаңсыз балалық шақтың иелерінің болашағына қалай алаңдамайсыз? Бүгінгідей интернет-сауда дамыған заманда шетелдік киімдермен қоса, аты-жөні де, қайдан келгені де белгісіз жейтін өнімдер қаптап кеткен. Әсіресе тәтті өнімдер дүкеннің сөрелерінде самсап тұр. Оның дені — желе тәрізді былқылдақ кәмпиттер мен ішінде сиропы бар, шекерге аунатылған, кемпірқосақ түстес жұқа, ұзын, қышқыл, пішіні түрлі мармеладтар. Тіпті «чупа-чупс» тәттілері де тілді қуырып, уылтады, үлкендері балақайлардың ауызын жарақаттайтыны тағы бар. Осындай көздің жауын алатын, бала қызығып жейтін дүниелердің құрамын ата-аналар қарай ма екен?

Осы қыста Қобда ауданында бастауыш сыныпта оқитын 23 оқушы белгісіз тәттіні жеп уланып қалғаны туралы хабар ел ішінде тез тарады. Белгілі болғандай, «лятяо» аталатын қытай өнімін жеті бала ғана ауыз тиіп, қалғанына өткір исі әсер еткен. Бұл не нәрсе? «Лятяо» — қытайлық снек, соя ақуызынан жасалған өткір иіске ие таяқшалар, себебі оларға ащы дәмдеуіштер мен консерванттар қосылады екен. Мамандардың пікірінше, мұндай күмәндітағамдарды жиі тұтыну балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Біріншіден, өнімді дайындау немесе сақтау кезінде санитарлық талаптар сақталмаса, бактериялық ластану қаупі туындайды, бұл жас тұтынушының улануына себеп болуы мүмкін. Екіншіден, соя ақуызы, жасанды қоспалар мен консерванттар балаларда аллергиялық реакциялар тудыруы ғажап емес. Үшіншіден, ащы дәмдеуіштер мен тұздың жоғары деңгейі асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, гастрит пен басқа да асқазан-ішек ауруларын қоздыруы ықтимал.

Ал мамандартек сертификатталғанөнімдердісатыпалуға, орамасындағыөндірушітуралыақпаратты, жарамдылықмерзімінжәнеқұрамын тексеруге, балаларға күмәнді өнімдердіңзиянытуралытүсіндіруге кеңес береді.

«Ауру — астан». Бала денсаулығының мықты болуын қаншалықты қаласақ, дұрыс тамақтануына да соншалықты мән бергеніміз жөн.

Ата-әжелер айтпақшы, қай жерде қалай жасалатыны белгісіз, бөгдетағамдардан гөрі, ет жеп, айран ішкен ең абзалы болса керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button