Жаңалықтар
Қоғамдық көлік жолға шықты

Жолаушы тасымалы
Есет батыр ауылынан аудан орталығына дейін қоғамдық көлік қатынасы жанданды.
Бұл ауыл тұрғындары көптен көтеріп жүрген өзекті мәселелердің бірі еді.
Олардың өтініші орындалып, жуырдаауыл мен аудан орталығы арасында күнделікті көлік қатынасы жолға қойылды. Қоғамдық көліктің қызметін ұйымдастыру құқығы «Самира» жеке кәсіпкерлігіне берілді. «Газель» көлігі ертеңгілік Алғадан шығып, ауыл мен аудан орталығы арасында күніне екі рет қатынайтын болды. Қалада да, ауылда да арнайы бірнеше аялдама белгіленді.
Ауыл тұрғындары үшін бұл көптен күткен қуаныш болды. Ендігі жерде олар көліктің реті келер ме екен деп уайымдамай, аудан орталығына сапарын күнделікті нақты жоспарлай алады.
Мәдина ТӘЖІБЕКОВА.
Алға ауданы.