Жаңалықтар

Инженерлік жүйе тартылады

Қала аумағында 54 тұрғын алап бар. Қазіргі таңда олардың 46-сы — электр және газ желілермен, 37-сі су жүйесімен қамтылған. Халықты қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз ету мақсатында 24 жобаға 13,9 млрд теңге бөлініп отыр.

Қала әкімі Азамат Бекет соңғы жылдары бой көтерген тұрғын алаптар мен шағын аудандарға инженерлік желілер тарту мәселесі өзекті болып отырғанын мәлім етті. Себебі жаңа елді мекендерге тұрғындар қоныстана бастады.

Атап айтсақ, биыл Жаңақоныс-4, Оңтүстік-Батыс, Рауан-2, Сарбаз, Жаңа ауыл-1 елді мекендеріне электр желісін тарту жобалары аяқталады. Ал Сазды-3, Батыс-3 тұрғын алаптарында басталатын жұмыс ауыспалы жоба болуына байланысты келесі жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар осы жылы Парасат, Шилісай-1,2, Думан, Қарғалы тұрғын алаптарына су желілері және Батыс-3 шағын ауданына кәріз желілері тартылатын болады.Одан бөлек Бауырластар-3,5, Жаңақоныс-3,4 Жаңаауыл-1,2,3, Ақшат-2 жобалары бойынша жерасты су көздерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ал Ақжар плюс, Рауан-2, Жаңақоныс-4, Жаңа ауыл-1, Оңтүстік-Батыс, Баянауыл-1 және Жарық алаптарында газ желісінің құрылысы аяқталады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button