Жаңалықтар

Медиаторлар жұмысын жандандыру қажет

Ардагерлер кеңесі

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті президиум отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Отырыс жұмысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі екі негізгі мәселені таныстырды. Біріншісі Шалқар, Ырғыз және Байғанин аудандарында «Дәнекер» жобасының жүзеге асырылуы болды.

Ырғыз аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мирхан Дуанбековтің айтуынша, қазіргі таңда аймақта медиаторлардың қызметіне жүгінетіндер саны артып келеді. Оның айтуынша, бұл қызметті пайдаланатындардың дені — аудан орталығындағы тұрғындар.  Ал Байғанин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали әр ауылдық округте қоғамдық медиаторлар жұмыс істейтінін, олардың 40 жастан асқан, ел арасында беделді азаматтар екенін айтты. Бүгінде аудан бойынша 12 азаматтық, 2 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілген. Медиаторлардың жұмысына қолдау көрсетіліп, үздіктерін марапаттау қарастырылған.

Бұл бағытта атқарылған жұмыстар сараланып, үздік тәжірибелер ортаға салынды.

Сондай-ақ жиында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру жайы да талқыланды. Мереке аясында соғыс ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында облыс көлемінде кең ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл мәселеге қатысты нақты ұсыныстар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар аймақтарда медиаторлардың жұмысын одан әрі жандандыру жөнінде нақты іс-шаралар белгіленді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button