Тартысты турнир

Сенбі күні А.Досжанова атындағы конференц холда шахматтан «Senat Open-2025» II ашық кубогының облыстықіріктеу турнирі өтті. Парламент Сенатының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтіп жатқан Сенат кубогының басты мақсаты — шахматты кеңінен насихаттау, халық арасында оның танымалдығын
арттыру және көпшілікті интеллектуалдық спортқа тарту.
Шараға облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық спорт және денешынықтыру
басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық фи
лиалының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин қатысып,
ойыншыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ шараның ашылу салтанатында Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысушыларға бейнеқұттықтау жолдады.
Турнирде жалпы саны 78 шахматшы тартысты ойын көрсетті. Олар швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан кейін 35 үздік ойыншыны анықтау үшін өзара сайысқа түсті.
Шахматшылар арасында Ақтөбе қаласынан қатысқан ойыншыларға тең келер ешкім
болмады: 8 ұпаймен 60 жастағы Уақбай Тоғысов бірінші орынды 1 мамыр 2025 жыл жеңіп алса, одан кейінгі орындарды 68 жастағы Ғалым Уқасов пен 70 жастағы Виктор Сивирин өзара бөлісті.
Командалық есепте Әйтеке би ауданы мен Хромтау қаласының ойыншыларынан басым түскен ақтөбелік шахматшыларжеңіске жетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек, алты аталым бойынша үздіктер де марапатталды. Атап айтсақ, ардагерлер арасында Ақтөбе қаласынан қатысқан Ізғали Ернияшов (жалпы есепте 6-орын), әйелдер ара
сында Күлпаршын Көбенова (31-орын), мәслихат депутаттары мен қызметкерлері арасында алғалық Мирлан Жалғасбаев (5-орын), мемлекеттік қызметшілер арасында Қарғалы ауанынан келген Есболат
Түлкібаев (25-орын), қоғамдық кеңес мүшелері арасында Әйтеке би ауданынан қатысқан Әділет
Қаршығин (4-орын) және БАҚ өкілдері арасында қарғалылық
Нұрхат Көшкенбай (15-орын) үздіктер қатарынан көрінді.
Шара соңында жеңімпаздар мен үздіктер марапатталып, медальдарға, дипломдар және арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал қатысушыларға сертификаттартабысталды.
Айта кету керек, осы іріктеу турнирінде үздік ойын көрсеткен 35 қатысушы Орал қаласында 26 шілдеде өтетін жартылайфиналға қатысады.
Д.АЙДАР



