Жаңалықтар

Жылжымалы жәрмеңке

Кеңес

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарды әлеуметтендіруге арналған мүмкіндіктер керуені «Tulga bol» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде Ақтөбе қалалық мансап орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау секторының маманы Жомарт Болысбайұлы жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ «Отбасы Банк» АҚ бизнес дамыту бөлімінің бірінші санатты маманы Исламбек Бітімбай «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штаб менеджері Ақтоты Нұрбай еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу қағидалары және Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Дәурен Қажығалиев бизнес саласындағы жаңашылдықтар жайлы ақпараттар берді.

«Tulga bol»жылжымалы жәрмеңкесіне 50-ге жуық жас және қала тұрғындары қатысты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button