Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрестің кешенді жұмысы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. Ал мәдениет әр азаматтың сана-сезімімен және жүрегімен сыйбайлас жемқорлықтың дұрыс еместігін сезіне білуімен келеді. Осы мақсатта 25 тақырыптық баннер орнатылды. Сондай-ақ осы тақырыпта атқарылған  шаралар жөнінде аудандық «Жем-Сағыз» газетінде 29 мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Бұл залалды дертке қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде әсіресе білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Өйткені әр оқушы бала кезінен санасында бұл әрекеттің дұрыс еместігін түйсініп, әр әрекеті адал болуына дағды қалыптастыруы керек. Осы мақсатта 22 білім беру мекемесінде «Адалдық дүкені», «Адалдық бұрышы», «Парасат» бұрыштары ұйымдастырылған.

«Адалдық дүкені» бұрышы өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі —қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор.

Жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір тетігі — еріктілер тобын құру.  Қазіргі таңда  мектептерде 12-17 жас аралығындағы оқушылардан құралған «Адал ұрпақ»  еріктілер клубтары  жұмыс жасайды. Мақсаты — оқушылардың мектептегі кезінен бастапсыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру. Осы жұмыстар арқылы көпшілік санасында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тәсілдері мен қағидалары қалыптасып, әртүрлі ортада ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіріп, насихаттау мақсатында әр апта сайын аудандағы білім беру ұйымдары мен кітапханаларда әртүрлі форматтағы (кездесу, дөңгелек үстел, эссе жазу, бейнероликтер) шаралар өткізіледі. Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу туралы 5000-ға жуық брошюра, ақпараттық жаднама дайындалып, қоғамдық орындарда таратылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы baiganin_akparat, baiganinsaiasat парақшаларында  бейнеролик пен инфографикалар жарияланды.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде аудан әкімі, орынбасарлары, мекеме және бөлім басшыларымен жоспарға сәйкес  аудан әкімдігінің baiganin_akparat инстаграм әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир өткізілді. «Адал көмек», «antikor live» жобалары аясында тегін заң көмегін ұсыну нысанында 2024 жылы 13рет тікелей эфир өткізіліп, аудан тұрғындарынан 60сұрақ қойылды, жауаптары уақытында берілді. Бұл тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, әртүрлі салалар бойынша сұрақтарды еркін қоюға және оған заң аясында жауап алуға көп септігін тигізді.

Осындай жұмыстармен қоса, өзімнің төрағалық етуіммен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияда жергілікті атқарушы органдардың (бөлімдердің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралары туралытоқсан сайын отырысы өткізіліп, бірнеше мәселе қаралды. Ауданның негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы болғандықтан, ветеринария, жер, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығына қатысты және тұрғылықты халықтың ең маңызды мәселелері — жұмыспен қамту, денсаулық, білім беру салаларына қатысты сұрақтар күн тәртібіне қойылып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында  аудан әкімі аппаратының қызметінесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсер ететін фактор анықталмады.

Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Айбек КӨПЕНОВ,

Байғанин ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button