Жаңалықтар

Жаңа піскен нан және үлкен армандар: Ырғыз тұрғыны өз наубайханасын қалай ашты

Ырғыз ауылында «Райана» наубайханасы ашылып, ол – нан пісіретін орынға ғана емес, ауылдағы әйелдердің өз ісін қалай табысты дамыта алатынының жарқын мысалы. Оның негізін қалаушы – Айгүлім Ақатай, үш баланың анасы, жеке бизнесін ашу туралы арманын жүзеге асырып, оны шындыққа айналдырды.

Наубайхана ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған. 6,6 миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиенің арқасында кәсіпкер қажетті жабдықты сатып алып, өндірісті жолға қойған.

Бүгінде мұнда күн сайын 180 теңгеден сатылатын 250 бөлке нан пісіріледі. Айгүлім өзіне көмек ретінде бір жұмысшыны алған.

Шағын, бірақ тұрақты өндіріс ауыл тұрғындарын жаңа піскен нан өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі Ырғыз ауданына жұмыс сапары кезінде наубайханаға барды. Асхат Шахаров әйелдер кәсіпкерлігінің мұндай мысалдары ауылдың дамуы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет бастамашыл азаматтарды қолдайды. Әйелдердің жауапкершілікті өз мойнына алып, жеке кәсібін сүйіспеншілікпен дамытқанын көру өте қуантарлық. Мұндай жағдайлар көп болсын», – деп әкім Айгүлімге табыс тіледі.

«Райана» наубайханасы – бұл ауылды қолдау бағдарламасының нақты жеміс беретіндігінің айқын дәлелі.

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов атап өткендей, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 479,69 млн теңгеге 73 жоба мақұлданды. Жалпы, шағын бизнес саласында 8 жоба, өсімдік шаруашылығы бойынша бір жоба және мал шаруашылығы бойынша 64 жоба іске асырылған. Ырғыз ауылдық округінде 32 тұрғын бағдарлама бойынша несие алды. Биыл 30 млн теңгеге үш жоба мақұлданды. Қазір құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр.

А,ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button