Жаңалықтар

Кәсіпкерлік мәселелері жеке қабылдауда қаралды

Өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлер мен инвесторларды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін бизнестің 11 өкілінің өтініші қаралды.

Кәсіпкерлер жүйелі және жекелеген бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы нысандарын орналастыру кезінде ветеринариялық талаптарды түсіндіру мәселелері; ауыл шаруашылығы жануарларына арналған экспорттық квоталарды бөлудің ашық еместігі; фермерлерге мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар, соның ішінде субсидияларды айлық есептік көрсеткішке сәйкестендіру. 

Қабылдау қорытындысы бойынша үш кәсіпкердің мәселесі сол жерде шешілді, ал қалған өтініштерді тиісті мемлекеттік органдар нақты белгіленген мерзімде орындауы тиіс, сұрақтар бақылауға алынды.

Мұндай жеке қабылдаулар билік пен бизнес арасында тікелей диалогті қамтамасыз ету үшін айына бір рет өткізіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button