Көшеттер жәрмеңкесі апта сайын өтеді

«Нұр Ғасыр» орталық мешітінің көлік тұрағында көшеттер жәрмеңкесі өтті. Жыл сайын өтетін жәрмеңкені қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласының, Ойыл ауданының орман шаруашылықтары, сондай-ақ көшеттерді өсірумен, сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өз өнімдерін ұсынды. Жеке шаруашылықтар сатып алушыларға жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген көшеттердің, жеміс-жидек және сәндік ағаштар мен бұталардың, көпжылдық гүлдер мен экзотикалық өсімдіктердің кең ассортиментін ұсынды.
Сондай-ақ жәрмеңкеде тыңайтқыштар мен бақша құралдары сатылды.
Кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының өтініштері бойынша жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мамыр айының соңына дейін өткізіледі.
Бұл — биылғы бірінші жәрмеңке.
— Биыл жәрмеңке бірінші рет өткізіліп тұрса да, келушілердің саны аз болған жоқ. Биыл әрі сатушылар да ассортиментті кеңейтті. Жұмысымыздың негізгі бағыты қаланы абаттандыру. Әрбір тұрғын өзінің үйінің айналасына тал ексе, қала көркейе түсері анық. Ең бастысы, көшеттерді дұрыс күтіп, баптау керек. Сонда талдар жайқалып өседі, — деді «Зеленая мечта» питомнигінің төрағасы Евгений Лазарчук.
Кәмшат ҚОПАЕВА.