Жаңалықтар

Кешіккен құрылыстар пайдалануға берілді

Құрылыс

Облыс әкімі Асхат Шахаров аппарат отырысында өңірдегі құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы ақпаратты тыңдады.

Мемлекеттік құрылыс және сәулет бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчиннің айтуынша, биылғы І тоқсанда басқармаға құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы 319 хабарлама түскен, оның ішінде тұрғын үй құрылысы, білім беру,денсаулық сақтау салаларындағы жобалар бар.

Нысандардың құрылысын бақылау үшін жұмыс тобы құрылып, тексерулер барысында рұқсатсыз жұмысты бастаған 9 нысан анықталған. Аталған нысандар бойынша жауаптыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту,заңсыз құрылысты тоқтату туралы ұйғарым шығарылған. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде құрылыс субъектілеріне 10 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Сұлтан Аманчин биыл өңірде 12 сақалды құрылыстың бесеуі пайдалануға берілгенін,  оның ішінде дәмхана, балабақша, «Арайлы», «Космос» тұрғын үй кешендері және монша бар. Ал Қонаев көшесіндегі автокөліктерге қызмет көрсету орталығы жуырда қолданысқа беріледі. Сондай-ақАлтын Орда шағын ауданы мен Сейітов көшесінде тағы екі тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Екі нысан бұзылып, қалған екеуінде құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Оларға қатысты заңды шара қолданылады.

Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде сенбіліктердің басталуымен абаттандыру және құрылыс көліктерінің жолдарды ластауына байланысты жауапкершілікті күшейту керектігін жеткізді. Сондай-ақ нысандардың стандарттарға сәйкестігіне бақылауды күшейтуді, рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын бастауға жол бермеуді, анықталған бұзушылықтарды жоюда қадағалау шараларын мұқият ұйымдастыруды тапсырды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button