Жаңалықтар

Басқармада — жаңа басшы

Облыс әкімі Асхат Шахаров дін істері басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Жүсіпжан Ақзам тағайындалды.

Жүсіпжан Ақзам 1970 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1993 жылы К.Тимирязев атындағы Мәскеуауылшаруашылық академиясын, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Шалқар ауданының «Сүттікөл» өндірістік кооперативінде зоотехник болып бастаған. Өз мансабының көп бөлігін Мұғалжар ауданы, Ақмола және Қарағанды облыстары, Астана қаласы әкімдіктерінің аппараттарында, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясында, сондай-ақ ауылшаруашылығы,денсаулық сақтау, Ұлттық экономика министрліктерінде және дін істері агенттігінде жұмыс істеді.

Облыс әкімі жаңа басшыны активке таныстырып, оның алдына бірқатар негізгі тапсырмаларды белгіледі. Оның ішінде конфессияаралық келісімді нығайту, рухани құндылықтарды насихаттау және ағартушылық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, діни бірлестіктер мен рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау, экстремизмнің алдын алу бойынша белсенді жұмыс істеу, жастарға арналған бағдарламаларды дамыту,  халықаралық діни ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту міндеттері жүктелді.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button