Жаңалықтар

Туристік нысандардың жол картасы әзірленуде

Туризм

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында туризм саласын цифрландыру және өңірдегі туризм инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, жол картасына облыс аудандарындағы туристік нысандарды дамытуға бағытталған жобалар енгізілген. Олардың қатарында Қарғалы ауданындағы «Qargali Eco Resort», «Қасқыр сарқырамасы», Мәртөк ауданындағы «Зәру» санаториялық-пантотерапиялық емханасы, Бекқұл баба ауылындағы «Көкжайлау» демалыс орталығы мен BarBQ жағажайы бар. Бұл нысандардың әрқайсысында жеке жол карталары болады.

Алмас Салықбаев 2021 жылдан бері облыста жұмыс істеп тұрған «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы сайтында табиғи, тарихи, мәдени және қаладағы көрікті жерлерді қосқанда 29 нысан цифрландырылғанын атап өтті. Бұл платформадан әрбір нысан туралы толық ақпаратты алуға болады.

Жиында Асхат Шахаров өңірде туризм саласын дамыту үшін іс-шаралар ұйымдастыру ғана емес, инфрақұрылымды, экологиялық стандарттарды жақсарту қажеттігін атап өтті.

Біздің міндетіміз — облысты туристер үшін тартымды ету. Осыған байланысты негізгі туристік орындарға апаратын жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жол бойындағы қызмет көрсету саласын да дамыту керек. Сондықтан жаңадан кафелер, кемпингтер, қонақүйлер ашып, көлік пен велосипедті жалға беруді ұйымдастыруымыз қажет. Бұл қызмет туристерге өздерін жайлы және сенімді сезінуге көмектеседі. Бард және түркі мәдениетінің фестивалі сияқты мәдени-туристік шараларды өткізу қажет. Қорыта айтқанда, өлкеміздің табиғаты мен  мәдениетін, қонақжайлылығымызды бағалайтын әрбір адам үшін облысымыздың әр бұрышы қолжетімді болуға тиіс,— дегеноблыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button