Мәдениет

Неміс этнобірлестігі: біртұтас халық достығы

Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің бірі — немістердің «Возрождение» қоғамы. Бұл — аймақта алғашқы тіркелген этникалық бірлестіктердің бірі. Бүгінде қоғамдық ұйымға Елена Шинкаренко жетекшілік етеді. Ассамблеяның мерейлі жылы қарсаңында «Возрождениенің» кешегі және бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сұрап білген едік…

Депортация және аграрлық реформа

1941 жылғы 28 тамызда шыққан Жарлық бойынша Ресейдің Поволжье аймағында тұратын барлық немістер Қазақстан мен Сібірге күштеп қоныс аударылуға тиіс болды. Оларға жиналуға небәрі 24 сағат берілді. Тұтас отбасылар жылы киімдері мен қажетті заттарын ғана алып, жүк вагондарына тиеліп, белгісіз жерлерге жөнелтілді.

Тарихтан білетініміздей, Ақтөбе облысына алғашқы депортацияланған немістер 1941 жылдың қазан айында келе бастады. Олардың негізгі бөлігі күзде және қыста жетті. Көптеген адам жолда қайтыс болды. 1942 жылы осындай күштеп көшіру шарасына Украина мен Кавказ немістері де ұшырады. Далалыққа әкелінген немістердің кейбіріне тіпті баспана да берілмеді. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бейтаныс қоныс аударушылардан сескенгенімен, кейін оларды үйлеріне паналатып, азық-түліктерімен бөлісті. Немістердің ұрпақтары ата-аналарынан естіген әңгімелерінде жергілікті халықтың бастапқыда оларға тас лақтырғанын, кейін оның кептірілген құрт екенін түсінгендерін айтады. Кейін мұндай көріністерді фильмдерден де көргенбіз. Бұған дейін де Қазақстанға қоныс аударған немістер болған. Мысалы, аграрлық реформалар кезінде біраз неміс Қобда ауданына қоныстанған, — дейді қоғам жетекшісі.

Бүгінде облыстағы неміс халқының шамамен жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Немістердің ең көп шоғырланған жері — Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандары. «Біз барлық мүдделі азаматтарды өз қызметімізбен қамтуға тырысамыз. Қазіргі таңда Қарғалы ауданының Бадамша ауылында белсенділер аудан немістерінің тарихын зерттеп, жергілікті музей үшін экспонаттар жинауды қолға алды. Сондай-ақ бұл ауылда «Freude» вокалдық тобы жұмыс істейді. 2023 жылы бұл топқа «халықтық ұжым» атағы берілді. Олар облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда табысты өнер көрсетіп жүр», — деген қоғам жетекшісі Мәртөк ауданында да  балалармен және жастармен жүйелі жұмыстардың жолға қойылғанын айтты.

Қазіргі таңда облыста шамамен 7500 неміс тұрады.

Германияға көшкен немістер

«Возрождение» немістер қоғамы1992жылдыңмаусымында құрылды. Алайда облыстағы немістердіңқұрылтайконференциясы1990жылыөтті.ҚоғамныңалғашқытөрағасыВасилийМунтаниол болды.Журналист,публицист,жазушыкейінірекГерманияғақоныс аударды,онда ол Вилли Мунтаниол дегенатпен жұмыс істеді.«Возрождение» — Ақтөбедегі алғашқытіркелгенэтникалықбірлестіктердің бірі. БасқармақұрамынаВикторПфаненштиль,АнтонШтайнжәнебасқа да белгілітұлғалар кірді.1995 жылдан2003жылға дейін ВикторЛангнемістерқоғамынбасқарды.Ол— Қазақстан халқыАссамблеясыныңалғашқымүшелерінің бірі әрі облыстан сессияделегаттарыныңқатарындаболды.Дәлосыжылдарыоблыстағы немістер Германияғатұрақтытұруғакөптеп кетті. Соныменқатаросыкезеңдетүрлібағыттар бойынша негізгіжұмысбасталды. Яғни облыста немістілінүйренубойынша50-ден астамтопұйымдастырылды. Соныңішіндеәлеуметтікжобаларды іске асыружұмыстары қолға алына бастады. Мәселен, мұқтажотбасыларға азық-түлікжиынтығынберу, зейнеткерлергеарналғансанаторий-курорттықемдеудіұйымдастыру іс-шаралары жүзеге асырылды. Жастаржұмысыдабелсендідамыды. Тіл үйрену лагерьлерінұйымдастыру,компьютерлік жәнекәсіптікбағдар беру курстары ұйымдастырылды, — дейді Елена Шинкаренко.

Ақтөбеден тарихи Отанына көшкен немістермен ара-тұра болмаса, қазір пәлендей байланыстың жоқтығын айтқан қоғам жетекшісі: «Германияға кеткен немістермен арнайы байланысжоқ. Ол жаққа көшкендерді бақыламаймыз және олардың кейінгі тағдырынан хабарсызбыз. Дегенмен бұрынғы белсенділермен жеке байланыстар сақталған. Кейде оларды онлайн іс-шараларға қатысуға шақырамыз», — деді ол.

Жақсы дәстүрлер жалғасы

 Бұдан кейін «Возрождение» қоғамдық бірлестігін облыс немістерінің жалпыконференциясында сайланған Ольга Штейнке басқарады.

Ольга Эммануиловнаның басқарушылық шеберлігі өте жоғары болды. Ол кісі төраға болған жылдары тілдік және шығармашылық жобаларға, яғни тіл курстары,неміс фольклорын сақтауға және ілгерілетуге ықпал етті. Ал 2005-2011 жылдары қоғамға Вальтер Леммле төрағалық еткен жылдары ол кісі неміс болмысын сақтаудың жақсы дәстүрлерін жалғастырды. Ақтөбе облысында алғаш рет неміс,қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын көп тілді жастар лагері ұйымдастырылды. Вальтер Рейнгольдовичтің бастамасымен немістер қоғамы жыл сайын қала алаңдарында неміс ұлттық мерекелерін өткізді, сондай-ақ этникалық неміс бірлестігінің белсенділері барлық қалалық және облыстық мәдени іс-шаралардың тұрақты қатысушылары болды.Вальтер Леммленің көмегімен Равиль Гафаров жетекшілігімен құрылған «Неміс» хоры «халықтық» атағын алды,— дейді ол.

2011жылдан бастап «Возрождение» қоғамдық бірлестігін Инга Смолинец басқарады. Осы жылдары қоғамның қызметі дамудың жаңа бағыттарына ие болды. «Бұл кездері аймақта кездесу орталықтарының желісі құрылды, тарих, аспаздық, қолөнер үйірмелері, сондай-ақ Қарғалы, Мәртөк аудандарында және Ақтөбе қаласында шығармашылық шеберханалар ашылды. Ақтөбе облысының дамуына елеулі үлес қосқан немістер туралы «Керемет адамдардың өмірі» және «Сыйлықтармен сыйға тартушылар» жобалары іске асырылды. Онда неміс отбасылары Достық үйі, Бадамша кентіндегі мұражайларға, сондай-ақ немістер қоғамының «Возрождение» қорына немістердің тұрмыстық заттарын тапсыра бастады. Мәселен, маслобойка (май шайқайтын),  прялка (жіп иіретін) дөңгелекті құрылғыларын сыйға тартты. Сондай-ақ шпрухтар, яғни киелі кітаптан алынған дәйек сөздер түріндегі кесте және өзге де кітаптар музей қорына табысталды. 2016жылы «Шекара маңы серіктестігі» бағдарламасы аясында Орынбор немістер қоғамымен серіктестік келісім жасалды.Осы кісінің бастамасы әрі оның көмегімен Қарғалы ауданының Бадамша ауылына жер аударылған немістердің қорымы қоршалып, мемориалды тақта орнатылды», — дейді Елена Шинкаренко.

Ол «Ақтөбестрой» тресінің ардагері, депортацияланған немістердің бірі Эвальд Юнеманның есімін ерекше айтады. Себебі ол кісінің облыс тарихында өзіндік ізі, қолтаңбасы қалған. «Эвальд Юнеман еңбек армиясына жіберіліп, кейін құрылыс саласында қалып, жастарды оқытқан. Кезінде бұл кісі Ақтөбеде тоқыма фабрикасын, ПОШ ғимаратын, кондитер фабрикасын салуға атсалысып, қаланың Тұрғындар қалашығы ауданының су құбырын және Ақтөбе ферроқорытпа зауытында су жүйесін жобалауға қатысқан. Біз мұндай кісілердің еңбегін естен шығармауға тиіспіз», — деді Елена Шинкаренко.

Бірлескен әрекет, ортақ мақсат

2003 жылы немістер қоғамына алғаш келгенімде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұйымы болды.Біраз уақыттан кейінмен Астанаға Ассамблеяның іс-шараларының біріне бірінші рет қатыстым. Онда ұлттық бірегейлік,жекелеген этностарме нэтникалық топтардың мәдениеті, этникалық бірегейлікті тәрбиелеу турасында көп айтылды. 2007жылы ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Меніңше,бұл дұрыс шешім болды.Қазіргі Ассамблея біздің алуан түрлілігімізге қарамай,Қазақстанның біртұтас халқының қалыптасуына ықпал етуімен ерекшеленеді.Егер бұрын Ассамблея мүшелері негізінен этномәдени бірлестіктер болса, қазір бұл институт құрамына аналар, ақсақалдар және медиация кеңестері,жастар белсенділері, ғалымдар,меценаттар,кәсіпкерлер кіретін құрылымға айналды. Ассамблеяның барлық қоғамдық құрылымдары ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етеді. Республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу, қоғамдтуындайтыәлеуметтіқайшылықтардшешүшін— Ассамблеяның маңызы зор. Жан-жақты дамығатұлғалардыпатриоттарды,сауатткөшбасшылардтәрбиелеуджастарменжасөспірімдермежұмыістеуге көп көңіл бөлінеді. Біздің күшіміз— Қазақстан халқы Ассамблеясының өз елі үшін қамқор,жауапты мүшелерінің бірлігінде, — дейді «Возрождение» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Шинкаренко.

Ол Ассамблеяның мерейлі жылында бірқатар іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты. Соның бірі Мәртөк, Бадамша және Хромтау елді мекендерінде Ашық есік күндерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button