Білім

Жасанды интеллект мұғалім орнын ауыстыра алады ма?

Пікір

Жасанды интеллект — жалпы адам өміріне замананың көшімен келген, даму процесінің айқын көріністерінің бірі. Біздің өмірге заман талабымен енген бұл көмекші құралды күнделікті тұрмыста, қызмет саласында пайдалануды еркін меңгеріп алдық.  Қазіргі кезде білім беру саласында кеңінен қолданылып жүргенін басты назарға алатын болсақ, «Жасанды интеллект мұғалімді ауыстыра алады ма?» деген маңызды сұраққа келіп тоқталамыз. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл көмекші құралдың да зияны мен пайдасын басты назарда ұстағанымыз жөн. Сабақты қызықты өткізу, баланың қызығушылығын арттыру, мұғалімнің жұмысын жеңілдету мүмкіншіліктерін ескеретін болсақ, жасанды интеллекттің пайдасы мол екенін аңғарамыз. Дегенмен осы бір көмекші құралды пайдалану арқылы біз бала бойындағы табиғи интеллектті жойып алу, бала эмоциясын шығару, ішкі жан дүниесіне үңілу, мұғалім жұмысын жеңілдету арқылы ізденімпаздықтан арылту деген секілді қорқынышты сұрақтарға   тап боламыз. Жасанды интеллект,аты айтып тұрғандай,«жасанды», адамзаттың ақыл-ой жетістігі арқылы жеткен туындысы, ал мұғалім деген шәкірт жанын түсіне отырып, білім беріп қана қоймай,тәлімі мен тәрбиесін түзейтін, болашаққа бағдар беретін табиғи интеллект иесі. Мұғалім орнын жасанды интеллект ешқашан баса алмайды, ол анық.

Айбат БЕКЖАНОВ,

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button