Тағзым

Тағылымы мол кездесу

Ауған соғысы

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Бейбіт күнде Ауғанда от кешкендер» атты кездесу өтті. Бұл іс-шара әлемдік тарихтағы қасіретті оқиғалардың бірі — Ауған соғысынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 36 жыл толуына арналды.

Мәліметтерге сүйенсек, ХХ ғасырдың ең ұзақ қантөгісі ретінде тарихқа енген соғысқа интернационалдық борышын өтеу үшін өрімдей жас шағында аттанған қазақстандық 22269 сарбаздың 924-і ұрыс алаңында ерлікпен қаза тапса, 1015 адам мүгедек болып оралған, ал 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оқ пен оттың арасынан аман келген майдангер азаматтардың бірқатары әлі де әскери қызметін жалғастырып жүрсе, енді бірқатар ардагер жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге атсалысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр.

Аталған іс-шараның ұйытқысы болған Ауған соғысының ардагері, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Ауғанстан соғысы ардагерлерімен мүгедектерінің заңды тұлғалар бірлестігінің орталық кеңесі төрағасыМарат Қойлыбаев алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына рухты, батыл азаматтардың ерлігі туралы баяндап,  бейбіт өмірімізді қадірлей білуге шақырды.

Институт бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Есболаев оқу орнында əскериборышынАуғанстандаатқарғаназаматтарғақұрметкөрсетіп, құрбан болған боздақтарды еске алу шаралары тұрақты түрде өткізілетінінатап өтіп, М.Қойлыбаевқа құнды мәліметтермен бөліскені үшін Алғысхат пен сыйлық табыстады.

Тыңдаушылар патриоттық әндер шырқап, көрініс қойды. Отансүйгіштікке баулитын келелі кеңестер болашақ полицейлердің өз қызметтеріне деген қызығушылықтарын арттыра түсті деуге болады.

Кездесу кешінен соң институт тыңдаушылары арасында «Мас-рестлинг» жарысы өткізілді. Тартысты өткен доданың жеңімпаздары институт бастығының алғысхаттарымен марапатталды.

Ж.НҰРМҰХАМБЕТОВА,

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы институттың ақпараттық саясат бөлімшесінің бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button